«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ
КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әйел энергиясы мен табыс жолындағы шабыттандыратын тренинг

18.03.2025

2025 жылғы 17 наурызда Ақмола облысы білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығы мен «AMANAT» партиясының Әйелдер қанатының бірлесуімен әйелдің ішкі ресурсы, эмоционалды тепе-теңдігі және табысқа жету жолдарына арналған тренинг ұйымдастырылды.

Шара барысында қатысушылар әйел энергиясын ояту мен күшейту жолдарын, тұлғалық даму мен өзін-өзі тануға кедергі келтіретін шектеулі сенімдерді, сондай-ақ эмоцияны басқару мен ресурс күйінде болудың маңызын талқылады.

Тренинг практикалық тапсырмалармен толықтырылды. Қатысушылар өмірлік энергияны қалпына келтіру жаттығуларын жасап, өзіне деген сенімділікпен жұмыс жүргізді және ішкі қорқыныштар мен күмәндерді жеңу жолдарын қарастырды.

Іс-шара жылы, сенімді атмосферада өтті. Қатысушылар ашық пікір алмасып, тәжірибе бөлісіп, кәсіби әрі тұлғалық даму жолында құнды ақпараттар мен шабыт алды.

Шара соңында тренингтің негізгі қорытындысы ретінде табысқа жету жолында әрекетпен қатар ішкі күйдің де аса маңызды екені атап өтілді. Әйел адам өзімен үйлесімде болған жағдайда оның энергиясы мүмкіндіктерге жол ашып, жағымды өзгерістерге бастайды.

Алдағы уақытта осындай мазмұнды кездесулер мен тренингтер жалғасын табатын болады.

Просмотров: 5


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст