«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ сенім телефоны : 87080445323 / 44 53 23
КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области» телефон доверия : 87080445323 / 44 53 23
2025 жылы өткен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасында психологтер категориясы бойынша ІІ орын иегері атанған – Нұрлан Лина, Ақмола облысы, Қосшы қаласындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебінің логопед-дефектологі.
Жас маман педагогика ғылымдарының магистрі, еңбек өтілі – 2 жыл. Олимпиада аясында Лина Нұрлан жоғары кәсіби дайындық пен теориялық біліміне сүйене отырып, заманауи әдіс-тәсілдер арқылы өз жұмысын сәтті қорғап, қазылар алқасының оң бағасына ие болды.
Бұл жетістік – өңірімізде жас мамандарға көрсетіліп отырған жүйелі әдістемелік қолдаудың, сонымен қатар педагогтердің кәсіби дамуға деген ынтасының нәтижесі.
Психологиялық қолдау орталығы ұжымы жас маманды шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілейді!