«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ сенім телефоны : 87080445323 / 44 53 23
КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области» телефон доверия : 87080445323 / 44 53 23
24.06.2026
2026 жылғы 12 маусымда Ақмола облысы білім басқармасының ПҚО ұйымдастыруымен «Қауіпсіз білім беру ортасын құру бойынша білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің өзекті міндеттері» тақырыбында педагог-психологтердің облыстық практикалық конференциясы онлайн форматта өткізілді.
Конференция жұмысына Ақмола облысы педагог-психологтар қауымдастығы кеңесінің мүшелері, қала және аудан білім бөлімдерінің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының педагог-психологтері қатысып, психологиялық қызметтің өзекті мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.
Іс-шара барысында білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру, балалардың әлеуметтік интеллектін дамыту, кәсіби өзін-өзі анықтау, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеу, сондай-ақ оқушыларды ҰБТ-ға психологиялық тұрғыда дайындау мәселелері қарастырылды.
Конференцияның ашылуында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің профессоры, PhD докторы С.Қ.Молдабекова «Оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауы: цифрлық ортаның мүмкіндіктері мен тәуекелдері» тақырыбында баяндама жасап, цифрлық кеңістіктің жасөспірімдердің болашақ мамандық таңдауына әсері туралы ой бөлісті.
Сондай-ақ қатысушылар Ақмола облысының білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін әдістемелік қамтамасыз ету, мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік интеллектін дамыту, танымдық саланы жетілдірудің инновациялық тәсілдері және авторлық психологиялық бағдарламаларды қолдану тәжірибелерімен танысты.
Конференция барысында ұсынылған тәжірибелер мен практикалық кейстер педагог-психологтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған тиімді шешімдерді талқылауға мүмкіндік берді.
Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, психологиялық қызметтің сапасын арттыру, білім алушылардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету және қауіпсіз білім беру ортасын дамыту бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.