2025 жылғы 15 қазанда Ақмола облысы Психологиялық қолдау орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған «Білім беру процесіне қатысушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың басым бағыттары» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Семинар аясында түрлі өзекті тақырыптар талқыланып, тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
🔹 Шарипова Г.Е., психологиялық жұмыс бөлімінің жетекшісі, «Психологиялық кеңес беру – педагог-психологтың қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі ретінде» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, психологиялық кеңес берудің заманауи тәсілдеріне тоқталды.
🔹 Приходько О.В., Астрахан ауылындағы «Агробизнес және сервис колледжі» КМҚК-ның педагог-психологы, «Арт-терапия – ішкі жан дүниенің айнасы: жастар арасындағы автоагрессияның алдын алу және түзету» атты авторлық бағдарламасын ұсынды. Бағдарлама арт-терапия құралдары арқылы жастармен тиімді жұмыс жүргізу әдістерін қамтиды.
🔹 Хасенов А.Р., психологиялық жұмыс бөлімінің психологі, «Тәуелді мінез-құлықтың триггерлері мен паттерндері: психологиялық талдау» тақырыбында баяндама жасап, тәуелділікке бейімділік факторларын ғылыми тұрғыда саралады.
🔹 Абдилова Д.М., әдістемелік жұмыс бөлімінің әдіскері, семинарды қорытындылай келе, «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің әдістемелік сүйемелденуі» тақырыбында өз көзқарасын білдірді.
Семинар кәсіби тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді бірлесе шешуге және педагог-психологтардың әдістемелік әлеуетін арттыруға бағытталды.