«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ
КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Халықаралық шеберлік сабағы: психологиялық денсаулық мәселелеріне арналған кәсіби диалог

17.03.2025

Көкшетау қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің "Педагогика және психология" кафедрасы Ақмола облысы білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығының белсенді серіктестерінің бірі болып табылады.

Осы ынтымақтастық аясында ұйымдастырылған маңызды іс-шаралардың бірі – «Заманауи оқушылардың психологиялық денсаулығы: тәжірибесі және болашағы» атты халықаралық шеберлік сабағы.

 Шеберлік сабағына Беларусь Республикасы, М.Танка атындағы БМПУ жанындағы Республикалық психологиялық көмек көрсету орталығының өкілдері – Ольшевская О.К. және Ходулева О.А. арнайы шақырылып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

 Іс-шараға қатысқандар:

  • Ермұханова Инара Ибраимқызы – орталық басшысының орынбасары

  • Қозубаева Айдана Еркінқызы – әдіскер

  • Хайруллина Ольга Николаевна – Целиноград ауданының педагог-психологі

  • Манатов Арсен Амангелдіұлы – Жарқайың ауданының педагог-психологі

  • Нұртаева Ажар Жанболатқызы – Ш.Уәлиханов атындағы колледждің арнайы пән оқытушысы

Шеберлік сабағы барысында қатысушылар арасында сындарлы диалог орнаптәжірибе алмасу және тәжірибелік әзірлемелермен бөлісу жүргізілді. Сонымен қатар, үшінші курс студенттері мен болашақ педагог-психологтар белсенді түрде атсалысып, кәсіби мәселелер бойынша пікір білдірді.

 Шара соңында кездесудің қорытындылары шығарылып, болашақта да екіжақты тиімді ынтымақтастық жалғасады деген сенім білдірілді.

Просмотров: 6


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст