«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ сенім телефоны : 87080445323 / 44 53 23
КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области» телефон доверия : 87080445323 / 44 53 23
12.06.2026
Бурабай ауданында «Психологиялық кеңес беру – педагог-психолог қызметінің бағыттарының бірі ретінде» тақырыбындағы қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстары өз мәресіне жетті.
24 академиялық сағат көлемінде қатысушылар психологиялық кеңес беру саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіріп, білім алушылармен, ата-аналармен және педагогтермен жұмыс жүргізудің заманауи тәсілдері мен практикалық құралдарын меңгерді.
Курс барысында тиімді қарым-қатынас орнату, белсенді тыңдау дағдыларын дамыту, сенімді байланыс құру және түрлі өмірлік жағдайларда психологиялық қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Алынған білім мен тәжірибе мамандарға білім беру үдерісіне қатысушыларды сапалы сүйемелдеуге және білім беру ұйымдарында қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қатысушыларға белсенділігі, кәсіби дамуға деген ұмтылысы және қызығушылығы үшін алғыс білдіреміз! Алдағы уақытта шығармашылық табыс, шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!