«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ  сенім телефоны : 87080445323 / 44 53 23

КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области» телефон доверия : 87080445323 / 44 53 23


СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Семинар-тренинг

12.06.2026

2026 жылғы 11–12 маусым күндері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2024–2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылып жатқан «Суицидке дейінгі ұстанымдар кешенді индикатор және мониторинг нысаны ретінде: Қазақстандағы жасөспірімдер мен жас ересектердің популяциялық зерттеуі» ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында «Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында Көкшетау қаласының орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтарымен, колледждердің педагог-психологтарымен және Ақмола облысы білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ мамандарымен белсенді жұмыс жүргізілді. Семинарды жоба жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің №2 жалпы дәрігерлік практика кафедрасының профессоры Жамалиева Ләззат Мәнбетжанқызы жүргізді.
Спикердің жетекшілігімен қатысушылар жасөспірімдер арасындағы дағдарыстық жағдайлардың алдын алудың өзекті мәселелерін қарастырып, қауіп факторларын ерте анықтаудың тиімді тәсілдерін, білім алушылардың суицидтік тәуекелдеріне дұрыс әрекет ету алгоритмдерін және психологиялық көмек көрсету жолдарын талқылады. Сондай-ақ тәуекел тобына жататын жасөспірімдерді анықтаудың практикалық құралдарына, ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелеріне және білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.
Семинар ашық пікір алмасу, практикалық жаттығулар, кейстерді талдау және кәсіби тәжірибе алмасу форматында өтіп, қатысушылардың дағдарыстық жағдайдағы жасөспірімдермен жұмыс істеу бойынша практикалық дағдыларын жетілдіруге ықпал етті.

Просмотров: 40


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст