«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ  сенім телефоны : 87080445323 / 44 53 23

КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области» телефон доверия : 87080445323 / 44 53 23


СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Семинар

02.04.2026

Біржан Сал ауданында Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы ұйымдастырған оқыту семинары-практикумы өтті.
Орталық басшысы — Шокимова С. А.,
Басшының орынбасары — Ермұханова И. И., әдістемелік жұмыс бөлімінің әдіскері — Абдилова Д. М., директорлар, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтерге арналған оқыту іс-шарасын өткізді.

📘 Семинар-практикумның тақырыбы:
«Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру бойынша психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің өзекті міндеттері»
Семинар барысында психологиялық қызмет мамандарының жұмысын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, оқушылар арасындағы деструктивті мінез-құлықтың алдын алу, сондай-ақ қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру бағыттары қарастырылды.
Арнайы назар педагогтар мен психологтардың өзара әрекеттестігіне, оқушыларды тиімді сүйемелдеудің тиімді тәсілдерін енгізуге және білім беру процесіне қатысушылардың психологиялық амандығын қолдауға аударылды.
👥 Іс-шараға 74 қатысушы қамтылды.
Семинар тәжірибе алмасуға, кәсіби құзыреттерді дамытуға және өңірдегі білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жүйесін жетілдіруге ықпал ететін нәтижелі әрі конструктивті атмосферада өтті.

Просмотров: 4


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст