«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ  сенім телефоны : 87080445323 / 44 53 23

КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области» телефон доверия : 87080445323 / 44 53 23


СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Семинар практиум

12.03.2026

2026 жылғы 11 наурызда Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы “Емтихан тапсыру кезеңінде эмоционалды тұрақтылықты сақтау мәселелері” бойынша оқыту семинар-тренингін өткізді. Семинар Көкшетау қаласының №10 жалпы орта білім беретін мектеп базасында өтті. Семинар барысында ПҚО басшысының орынбасары И.И. Ермұханова қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы С. К. Уаисова нормативтік-құқықтық актілерді түсіндірді. Орталықтың психологі Сара Жасбари “ҰБТ-ге дайындық кезеңінде оқушыларды психологиялық сүйемелдеу” тақырыбындағы ақпарат пен техникалармен бөлісті. С. Жүнісов ат. №18 МГ педагог-психологі Ж.Б.Шегирова және Техникалық мектеп-лицейінің педагог-психологі Е.В. Пугачева “5-9 сынып оқушыларының эмоционалдық тұрақтылығы: сенімділік, өзін-өзі бақылау, қолдау” тақырыбында сөз сөйледі. Көкшетау қаласының №17 МГ педагог-психологі С. В. Шиманчук, №16 ЖОББМ педагог-психологі Ж.И. Касенова, №10 ЖОББМ педагог-психологі Н. К. Кагарманова “Оқушылардың эмоционалды құзыреттілігі және стресс-менеджменті” эмоционалды кафесінің тәжірибелік сабағын көрсетті.

Просмотров: 9


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст