«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ сенім телефоны : 87080445323 / 44 53 23
КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области» телефон доверия : 87080445323 / 44 53 23
20.02.2026
М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында «Болашақ үшін жауапкершілік: өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі отбасы мен әлеуметтік институттардың рөлі» атты семинар өтті.
Іс-шараға психолог-мамандар мен тәрбиешілер қатысып, жас ұрпақ тәрбиесіндегі отбасы мен әлеуметтік институттардың маңызы талқыланды.
Кездесу барысында қатысушылар ведомствоаралық өзара іс-қимылдың, жастар арасындағы деструктивті мінез-құлықтың алдын алудың, отбасылық құндылықтарды нығайтудың және жасөспірімдердің жеке жауапкершілігін арттырудың өзекті мәселелерін талқылады. Өскелең ұрпақ үшін қауіпсіз және қолдаушы ортаны қалыптастыруда білім беру ұйымдарының, құқық қорғау құрылымдары мен қоғамдық институттардың күш-жігерін біріктіруге ерекше назар аударылды.