«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ сенім телефоны : 87080445323 / 44 53 23
КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области» телефон доверия : 87080445323 / 44 53 23
20.02.2026
📅 2-күн: Білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған қысқамерзімді біліктілікті арттыру курстары
🧠 Тақырыбы: «Психологиялық кеңес беру – педагог-психолог жұмысының маңызды бағыттарының бірі»
Бүгінгі күн тыңдаушыларымыз үшін мазмұнды әрі нәтижелі өтті! Біз жеке, топтық және отбасылық кеңес беру техникалары мен тәсілдерін тереңірек қарастырдық.
🌟 Тәжірибеге бағытталған сабақтар барысында қатысушылар жаңа әдістермен танысып қана қоймай, оларды іс жүзінде қолдануға мүмкіндік алды. Нақты кейстер талданып, тәжірибе алмасу жүргізілді, күрделі жағдайларда тиімді шешімдер табу жолдары қарастырылды.
🤝 Психологиялық кеңес беру – педагог-психолог қызметіндегі маңызды құрал. Ол білім алушылар мен олардың отбасылары үшін қолдаушы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді. Алынған білім мен дағдылар тыңдаушыларымыздың кәсіби құзыреттілігін арттырып, өз қызметінде сенімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді деп сенеміз.
Белсенді қатысып, қызығушылық танытқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Ертеңгі сабақта кездескенше! 🎉