«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ  сенім телефоны : 87080445323 / 44 53 23

КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области» телефон доверия : 87080445323 / 44 53 23


СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балабақшадағы инклюзивті білім беру жағдайында психологиялық қолдау көрсету жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

30.01.2026

2026 жылғы 29 қаңтарда Ақмола облысы білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығы мен Көкшетау қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-психологтарына арналған «Балабақшадағы инклюзивті білім беру жағдайында психологиялық қолдау көрсету жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Семинар Көкшетау қаласындағы «Zerek» балабақшасында ұйымдастырылып, оның мақсаты инклюзивті білім беру жағдайында психологиялық қолдаудың тиімді тәсілдерімен тәжірибе алмасу болды.
Іс-шара барысында №12 мектеп-шағын орталығының педагог-психологы Г.Н. Кожахметова «Шарлар әлемі» тренингін өткізсе, PedTalk форматында әдіскер А.А. Капешова баяндама жасады. «Кел, балақай, ойнайық» тақырыбындағы кіріктірілген жұмысты Б.Ж. Кибатова, Г.А. Еркинова, А.А. Махметова жүргізді.
Сондай-ақ, «Аяла» арнайы балабақшасының педагог-психологы А.Х. Карбаева және №22 мектеп жанындағы шағын орталықтың педагог-психологы З.С. Мусина өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар-практикум қатысушылар үшін мазмұнды әрі тәжірибеге мол, инклюзивті білім беру жағдайында психологиялық қолдауды ұйымдастырудың тиімді жолдарын меңгеруге мүмкіндік берді. Семинар-практикум өте нәтижелі өтті.

Просмотров: 15


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст