«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ сенім телефоны : 87080445323 / 44 53 23
КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области» телефон доверия : 87080445323 / 44 53 23
29.01.2026
Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығының мамандары, клиникалық психолог Хасенов А.Р. және әлеуметтік педагог Шарипова С.У., Целиноград ауданының психологтары мен әлеуметтік педагогтарына арналған «Білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлық жағдайлары мен оқушылар арасындағы буллингке мониторинг жүргізу» атты семинарға қатысып, өз тәжірибелерімен және практикалық ұсыныстарымен бөлісті. Семинар барысында қазіргі таңда күрделі мәселелер талқыланды. Конфликтті мінез-құлыққа ие оқушыларды ерте анықтау және оларға қолдау көрсету, баланың психоэмоционалды жағдайын тұрақтандыру, буллингтің алдын алу, дағдарыс кезеңіндегі суицидтің алдын алу алгоритмі сияқты тақырыптар қарастырылды.
Мамандар тәжірибе алмасып, педагогтар мен психологтардың кәсіби біліктілігін арттырады. Жалпы қатысушылардың саны 100 адам