«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ сенім телефоны : 87080445323 / 44 53 23
КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области» телефон доверия : 87080445323 / 44 53 23
25.12.2025
2025 жылғы 22-25 желтоқсан аралығында Психологиялық қолдау орталығы білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы жөніндегі директорлардың орынбасарларына, педагог-психологтарға және әлеуметтік педагогтерге арналған вебинарлар ұйымдастырып, өткізді. Іс-шаралар өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар бойынша кестені толтыру тәртібін қайта түсіндіруге бағытталды. Вебинарлар барысында кестені толтыру кезінде жиі жіберілетін қателіктер қарастырылып, жекелеген көрсеткіштер мен өлшемдер бойынша түсіндірмелер берілді, сондай-ақ ақпаратты өзектендіру бойынша ұсынымдар ұсынылды. Вебинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, аталған санаттағы балалармен жұмыс жүргізу бойынша әдістемелік қолдауға қол жеткізді.