«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ  сенім телефоны : 87080445323 / 44 53 23

КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области» телефон доверия : 87080445323 / 44 53 23


СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы Көкшеау қаласыпедагог-психологтар қауымдастығы мүшелерінің «Психолого-педагогикалық қолдау қызметі мамандарының білім беру процесінің қатысушыларымен өзара әрекеттесуінің этикалық нормалары» тақырыбындағы отырысы өтті.

24.11.2025

2025 жылғы 21 қараша күні Көкшетау қаласының №10 орта мектебінде Ақмола облысы педагог-психологтар қауымдастығы мүшелерінің «Психолого-педагогикалық қолдау қызметі мамандарының білім беру процесінің қатысушыларымен өзара әрекеттесуінің этикалық нормалары» тақырыбындағы отырысы өтті. Отырыс барысында білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметін ұйымдастырудағы өзекті мәселелер мен қиындықтар талқыланды.
Целиноград ауданының педагог-психологы О.Н. Хайруллина «Педагог-психологтың түзету-дамыту жұмысын жүргізу және нәтижелілігін есепке алу тіркеу хаттамасы» атты авторлық құжатын қарастыруға және талқылауға ұсынды. Сонымен қатар, Н.С. Сулимова педагог-психологтың жылдық жұмыс жоспарын сапалы толтыру туралы айтып өтті. Бұл бағыттар мектеп психологы кездесетін мәселелерді айқындап, балалар мен жасөспірімдерге кешенді, дер кезінде және қауіпсіз қолдау көрсетудің маңыздылығын көрсетеді.
Көкшетау қаласының педагог-психологы Н.К. Кагарманова жасанды интеллектті қолданудың этикалық қағидалары туралы баяндады. Қорытынды бөлімде психологиялық жұмыс бөлімінің басшысы Г.Е. Шарипова педагог-психологтың жұмысындағы кризистік психология бойынша практикалық іс-шара өткізді.
Мамандардың бірлескен жұмысы мен озық тәжірибе алмасуы бізге ортақ мақсатқа - білім беру процесінің әрбір қатысушысына тиімді және адамгершілік тұрғыдан қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Просмотров: 8


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст