«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ сенім телефоны : 87080445323 / 44 53 23
КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области» телефон доверия : 87080445323 / 44 53 23
24.11.2025
21 қараша күні Психологиялық қолдау орталығы мен Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті бірлесе отырып, «Қазақстандағы психологиялық қызметтің қазіргі заманғы тәсілдері мен даму перспективалары: теорияны практикаға интеграциялаудың озық әдістері» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференцияға қазақстандық мамандармен қатар, жақын шетелдерден - Беларусь, Қарақалпақстан және Ресейден әріптестер қатысты. Конференция барысында балалар мен жасөспірімдердің психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қолдаудың заманауи тәсілдері, соның ішінде дағдарыстық араласу, инклюзивті білім беру, девиантты мінез-құлықтың алдын алу және психологиялық-педагогикалық тәжірибедегі инновациялар талқыланды. Арнайы көңіл жаңа технологияларға, мамандардың кәсіби дамуына және өңірлік тәжірибе алмасуға бөлінді. Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық және кәсіби деңгейде өтіп, конструктивті диалог пен халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңызды алаңына айналды.