«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ  сенім телефоны : 87080445323 / 44 53 23

КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области» телефон доверия : 87080445323 / 44 53 23


СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Іс-шара жастар арасында лудоманияның (ойынға тәуелділіктің) және суицидтік көріністердің алдын алу мәселелеріне арналды.

05.11.2025

Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында курсанттар мен офицерлердің Ақмола облысы Білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығы мамандарымен кездесуі өтті. Кездесуге психологиялық жұмыс бөлімінің жетекшісі Шарипова Гүлім Егiнбайқызы мен практикалық психолог Жасбари Сара Досболқызы қатысты. Іс-шара жастар арасында лудоманияның (ойынға тәуелділіктің) және суицидтік көріністердің алдын алу мәселелеріне арналды.
Кездесуде жоғары жүктеме мен жауапкершілік психологиялық тепе-теңдікті сақтауға көмектесетін эмоциялық тұрақтылық пен стресс-менеджмент тақырыптарына ерекше назар аударылды.
Психолог қатысушыларға өзін-өзі реттеу, эмоцияларды басқару, сондай-ақ дағдарыс жағдайындағы жолдастарына алғашқы психологиялық көмек көрсету бойынша практикалық ұсыныстар берді.
Кездесу соңында офицерлер мен курсанттар мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, олардың психологиялық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ өз денсаулығы мен айналасындағылардың амандығына жауапкершілікпен қарауға ықпал ететінін айтты

Просмотров: 5


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст