«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ
КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмолалық педагог-психологтер – республикалық байқауда жүлделі орындарға ие болды!

14.03.2025

2025 жылғы 12-14 наурыз аралығында Алматы қаласында «Ең үздік жыл психологі» республикалық байқауы өтті. Ауқымды кәсіби додаға еліміздің 16 облысы мен 3 ірі қаласынан 85 психолог қатысып, өз шеберліктері мен кәсіби құзыреттіліктерін паш етті.

Байқаудың мақсаты – кәсіби дағдылары жоғары, шығармашылықпен жұмыс істейтін, дарынды педагог-психологтерді анықтау, оларды қолдау және ынталандыру.

Ақмола облысының намысын бұл байқауда Жарқайың, Бурабай, Сандықтау, Біржан Сал, Целиноград және Зеренді аудандарынан келген 6 педагог-психолог қорғады. Байқау үш санат бойынша өтті:
 еңбек өтілі 3–5 жыл
 еңбек өтілі 5–7 жыл
 еңбек өтілі 7 жылдан жоғары

 Байқау нәтижесінде:

 ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

  • Маркова Галина Александровна – Жарқайың ауданы, Державинск қаласы, Н.Крупская атындағы ЖОББМ

  • Швецова Нина Николаевна – Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, №2 ЖОББМ

 ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

  • Абдилхалыкова Динара Елюбаевна – Біржан Сал ауданы, Бұланды ауылы, ЖОББМ

  • Сулимова Наталья Сергеевна – Целиноград ауданы, Родина ауылы, ЖОББМ

 Жоғары жетістіктері үшін мақтау қағазымен марапатталғандар:

  • Казбекова Жазира Сайлаубаевна – Бурабай ауданы, Қызылағаш ауылы, Абылайхан атындағы ЖОББМ

  • Мухутдинова Валентина Сергеевна – Зеренді ауданы, Приречное ауылы, ЖОББМ

 Барша жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Олардың кәсіби біліктілігі мен белсенді еңбегі – өңіріміздің психологиялық қолдау саласындағы сапалы қызметтің айқын көрінісі.

Просмотров: 3


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст