«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ
КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша бірлескен бұйрыққа енгізілген өзгерістерге арналған вебинарлар өтті

06.03.2025

2025 жылғы 5-6 наурыз күндері Ақмола облысы білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлерімен, білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен және педагог-психологтармен бірлесіп, маңызды вебинарлар өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – 2024 жылғы 2 шілдедегі №416 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің және 2024 жылғы 4 шілдедегі №170 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының бірлескен бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау және түсіндіру болды.

 Бұл бұйрық суицидтік мінез-құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды анықтау, олармен әрі қарай жұмыс жүргізу, сондай-ақ өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасаған балаларға көмек көрсету кезінде мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмін нақтылауға бағытталған.

Вебинар барысында қатысушыларға жаңа алгоритмнің құрылымы, жауапты тұлғалардың міндеттері, ведомствоаралық өзара әрекеттестік, профилактикалық жұмыс тәсілдері мен дағдарыстық жағдайлардағы шұғыл әрекет ету бойынша кеңейтілген ақпарат берілді.

 Вебинарлар мазмұны тәжірибеге бағытталған, нақты мысалдар мен практикалық ұсынымдармен толықтырылды. Қатысушылар тарапынан белсенді пікір алмасу орын алып, өзекті сұрақтар бойынша нақты түсініктемелер берілді.

 Мұндай іс-шаралар білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасындағы тәуекелдердің алдын алу жүйесін жетілдіруге және мамандардың үйлесімді іс-қимылын қамтамасыз етуге бағытталған.

Просмотров: 2


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст