Қазіргі заманның сын-тегеуріндері жағдайында отбасы институтын нығайту мен ата-аналардың саналы көзқарасын арттыру жасөспірімдердің тәуекелді мінез-құлқын алдын алудағы басты құралға айналуда.
Осы мақсатта Ақмола облысы білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ мамандары – Шарипова Гүлжан Есентаевна, Хасенов Арнур Ринатович және Бабагулова Арай Қайратқызы – Көкшетау, Степногорск қалалары мен Зеренді және Біржан сал аудандарының мектеп оқушыларының ата-аналарына арналған ауқымды ата-аналар конференциясын өткізді.
Конференцияда екі маңызды тақырып қамтылды:
«Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу: клиникалық аспектілері және отбасының рөлі»
«Отбасындағы қарым-қатынас – өзара түсіністіктің негізі»
Іс-шара барысында жасөспірімдерде тәуелділіктің қалыптасу механизмдері, ортаның және отбасының әсері, дағдарыстық жағдайларды ерте анықтау мен алдын алу жолдары жан-жақты қарастырылды. Ата-аналарға сенімді қарым-қатынас орнату, эмоционалды тұрақтылықты қамтамасыз ету және отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша нақты тәжірибелік ұсыныстар берілді.
Конференцияға 60-тан астам ата-ана қатысты. Бұл – ата-аналар тарапынан осындай кездесулерге деген жоғары сұранысты білдіреді. Қатысушылар ғылыми негізделген біліммен қатар, балаларының қауіп-қатерден сақтап, психологиялық тұрақтылығын арттыруға бағытталған нақты практикалық алгоритмдерге де ие болды.
Мұндай форматтағы кездесулер жыл соңына дейін Ақмола облысының барлық өңірлерінде өткізіледі деп жоспарлануда.
Отбасы – баланың сыртқы қауіп-қатерге төтеп беруіндегі басты тірегі. Қолдау неғұрлым мықты болса – бала өмір жолында соғұрлым сенімді қадам басады.