2025 жылдың 20 ақпанында «Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ ұйымдастыруымен Ақмола облысы білім беру ұйымдарының арасында өткен «Үздік психолог кабинеті» облыстық сырттай байқауының сараптама комиссиясының отырысы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты — оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыруда психолог кабинеттерінің маңызын насихаттау, олардың материалдық-техникалық базасын анықтау, практикалық психологияның беделін арттыру және үздік тәжірибені тарату.
Сырттай форматта өткен байқауға облыс бойынша 34 білім беру ұйымы қатысып, олар үш санат бойынша бағаланды:
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының үздік психолог кабинеті:
І орын — «Қорғалжын ауылының «Балауса» бөбекжайы» МКҚК
ІІ орын — «Бұланды ауданы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК
ІІІ орын — «Степногорск қаласының №2 «Балдырған» балабақшасы» МКҚК
Жалпы орта білім беру ұйымдарының үздік психолог кабинеті:
І орын — «Қосшы қаласы №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
ІІ орын — «Бұланды ауданы Макинск қаласының мектеп-гимназиясы» КММ
ІІІ орын — «Ақкөл қаласы №4 ЖОББМ» КММ
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік психолог кабинеті:
І орын — «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК
ІІ орын — «Көкшетау қаласы «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ
ІІІ орын — «Аршалы кентінің агротехникалық колледжі» МКҚК
Байқау жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
Олардың еңбегі – өңірдегі психологиялық қолдау сапасын арттыруға қосылған зор үлес.