«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ
КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагог-психологтарға арналған психологиялық кеңес беру бойынша авторлық курс бағдарламасы апробациядан өтті

14.02.2025

2025 жылдың 12 ақпанында Жарқайың ауданы бойынша білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған «Білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына психологиялық кеңес беру» тақырыбындағы қысқа мерзімді курс бағдарламасының апробациясы өтті.

Курсты Ақмола облысы білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығының психологиялық жұмыс бөлімінің басшысы Шарипова Гүлжан Есентаевна жүргізді. Авторлық бағдарлама педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, сонымен қатар білім беру ұйымдарында психологиялық кеңес берудің тиімді әдістерін меңгеруге бағытталған.

Апробация барысында тыңдаушыларға заманауи кеңес беру технологиялары, нақты жағдайларды талдау, психологиялық қолдауды ұйымдастырудың практикалық аспектілері ұсынылды. Қатысушылар бағдарламаның мазмұнына жоғары баға беріп, өз кәсіби қызметтерінде қолдануға болатын пайдалы білім мен тәжірибе алды.

Іс-шара педагог-психологтардың біліктілігін жетілдіруге және психологиялық қызмет сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Просмотров: 2


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст