2025 жылғы 14 ақпанда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған «Мектепке дейінгі жастағы балалардың агрессивті мінез-құлқын алдын алу және түзету» тақырыбында вебинар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында келесі маңызды мәселелер қарастырылды: оқу-тәрбие процесіне психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, мектепке дейінгі жастағы балалардың агрессивті мінез-құлқын түзету мен тәрбиелеу әдістері, балалар агрессиясының алдын алу және ата-аналармен жұмыс жүргізу жолдары.
Вебинар аясында қатысушылар практикалық ұсыныстармен танысып, білім беру ұйымдарында тиімді жұмыс жүргізуге бағытталған нақты стратегиялар әзірледі. Сонымен қатар, тәжірибе алмасу алаңы ретінде мамандар арасында пікір алмасуға мүмкіндік туды.
Бұл іс-шара педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиелеу процесін жетілдіруге бағытталды.