«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ
КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Психологиялық қолдау орталықтарын іске қосу және антибуллингтік бағдарламаларды енгізу бойынша тренерлер тренингі өтті

13.02.2025

2025 жылғы 8-10 ақпан аралығында «Білім беру ұйымдарында психологиялық қолдау орталықтарын іске қосу және антибуллингтік бағдарламаларды енгізу» жобалық кеңсесінің жұмысы аясында тренерлерге арналған арнайы тренинг ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға еліміздің түрлі өңірлерінен келген Психологиялық қолдау орталықтарының қызметкерлері қатысты. Ақмола облыстық психологиялық қолдау орталығынан бұл тренингке орталық басшысының орынбасары Ермуханова Инара Ибраимқызы қатысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

Тренинг құрылымы модульдік форматта өткізілді. Әр модуль логикалық тұрғыда жүйелі түрде жоспарланып, теориялық білім, практикалық жаттығулар және материалды бекіту кезеңдерін қамтыды. Бұл формат қатысушылардың алған білімін тиімді меңгеріп, болашақта жұмыс барысында қолдануына мүмкіндік берді.

Орталық ұжымы аталған тренингті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін «CODO» ЖШС мен «HR» жобасының жетекшісі Қуанышбекова Еркежан Кеңесқызына зор алғысын білдіреді.

Просмотров: 1


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст