«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ
КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қауіпсіз білім беру ортасын құру: Аршалы ауданында семинар өтті

10.02.2025

2025 жылғы 7 ақпан күні Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылындағы мектеп-лицей базасында Ақмола облысы білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығының қызметкерлері білім беру ұйымдарының басшыларына, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына және педагог-психологтарға арналған оқыту семинарын өткізді.

Семинар тақырыбы: «Қауіпсіз білім беру ортасын құрудағы білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің өзекті міндеттері».

Іс-шара барысында Психологиялық қолдау орталығының қызмет бағыттары, психологиялық қызметтің құқықтық негіздері, сондай-ақ білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі психологтардың рөлі жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар, педагог-психологтармен практикалық жұмыстар жүргізіліп, нақты әдістер мен құралдар ұсынылды.

Қатысушылар семинардың өзектілігін ерекше атап өтіп, білім беру ұйымдарындағы психологиялық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді шешуде мұндай шаралардың маңызын жоғары бағалады.

Просмотров: 6


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст