«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ
КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жасөспірімдер арасындағы агрессия мен зорлық-зомбылықтың алдын алу – семинар-практикумның негізгі өзегі

10.02.2025

2025 жылғы 7 ақпан күні Ақмола облысы білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығының бастамасымен Целиноград ауданы Талапкер ауылындағы мектеп-лицей базасында білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен әлеуметтік педагогтарына арналған аймақтық семинар-практикум өтті.

Семинар тақырыбы – «Жасөспірімдер ортасында агрессияның, зорлық-зомбылықтың және қатыгездіктің алдын алу» – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі ретінде алынып, мамандар арасында жан-жақты талқыланды.

 Іс-шараға Целиноград ауданы, Аршалы ауданы және Қосшы қаласынан келген әдіскерлер мен әлеуметтік педагогтар қатысып, тәжірибе алмасып, тиімді тәсілдермен бөлісті.

Семинар соңында қатысушылармен кері байланыс жүргізіліп, педагогтер іс-шараның әдістемелік тұрғыдан маңыздылығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, алдағы уақытта өткізілетін кездесулер мен іс-шаралар бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Бұл семинар агрессия мен зорлық-зомбылықтың алдын алудағы тиімді тәсілдер мен тәжірибелерді ортаға салып, білім беру мекемелері арасындағы өзара ынтымақтастықты арттырды.

Просмотров: 5


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст