«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ
КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагог-психолог қызметіндегі заманауи тәсілдер: вебинар аясында тәжірибе мен білім алмасу

28.01.2025

2025 жылғы 28 қаңтар күні Ақмола облысы білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, сондай-ақ облыстық ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған «Педагог-психолог қызметіндегі заманауи тәсілдер» тақырыбында вебинар өткізілді. 🎓💻

Вебинардың мақсаты – заманауи психологиялық құралдар мен әдістерді тәжірибеге енгізу, сондай-ақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттерін арттыру болды.

Іс-шара аясында келесі спикерлер сөз сөйледі:

Орталықтың әдістемелік жұмыс бөлімінің әдіскері Динара Абдилова «Педагог-психолог қызметінің нормативтік-құқықтық базасы» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, қызмет барысында басшылыққа алынатын негізгі құжаттарға тоқталды. 

Щучинск қаласындағы «Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі» МКҚК-ның педагог-психологі Куприянова О.Н. «Заманауи құралдарды пайдалана отырып, тренинг сабақтарын қолдану арқылы білім алушылар арасында тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыру» тақырыбында өзінің практикалық тәжірибесімен бөлісті. Бұл баяндамада тренинг әдістерінің тиімділігі мен оларды ұйымдастыру жолдары ұсынылды.

Психологиялық жұмыс бөлімінің жетекшісі Гүлмира Шарипова «Педагогтің интеллектуалдық еңбегінің нәтижесі – авторлық бағдарлама» тақырыбында баяндама жасап, аттестацияға дайындық барысында авторлық бағдарламаның маңыздылығын атап өтті. 📝📚

Вебинар педагог-психологтардың кәсіби дамуына, жаңа тәжірибелермен танысуына және ортақ мәселелер бойынша пікір алмасуына ықпал еткен тиімді платформа болды.

Просмотров: 6


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст