2025 жылғы 21 қаңтар күні Ақмола облысы білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ ұйымдастыруымен Көкшетау қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған «Білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысы» тақырыбында оқыту семинар-практикумы өткізілді.
Семинар барысында:
Психологиялық қолдау орталығының басшысы Шокимова С. А. қатысушыларды орталықтың қызметімен таныстырып, психологиялық қызметтің негізгі бағыттарына тоқталды.
Орталықтың әдістемелік жұмыс бөлімінің әдіскері Козубаева А. мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздерін таныстырып, мамандардың тәжірибелік жұмысын тиімді ұйымдастыруға бағытталған ұсыныстармен бөлісті.
«Нұрай» балабақшасының педагог-психологі Каудинова К. «Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуға арналған психотерапиялық ойын жаттығулары» тақырыбында практикалық жұмыс жүргізіп, баланың эмоционалдық дамуын қолдайтын жаттығуларды таныстырды.
«Жұлдыз» балабақшасының педагог-психологі Мусаинова А. семинар қатысушыларына «Желкенді қайық» атты ойын жаттығуын ұсынып, балабақша жағдайында қолдануға болатын арт-терапиялық әдістермен бөлісті.
Семинар-практикум мамандардың тәжірибе алмасуына, білімдерін жетілдіруге және мектепке дейінгі ұйымдардағы психологиялық қызметтің сапасын арттыруға зор үлес қосты.