«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ
КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім беру бағдарламаларын талқылау – кәсіби әріптестікті дамыту қадамы

20.01.2025

2025 жылғы 13 қаңтарда Ақмола облысы Психологиялық қолдау орталығы басшысының орынбасары Ермуханова И. И. және психологиялық жұмыс бөлімінің маманы Дусенбеков А. Д. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Педагогика және психология кафедрасының білім беру бағдарламаларын талқылауға қатысты.

Кездесу барысында болашақ педагогтар мен психологтарды даярлаудағы өзекті мәселелер, оқу бағдарламаларының мазмұны мен тәжірибеге бағдарлануы қарастырылды. Психологиялық қолдау орталығы өкілдері оқу бағдарламаларына кәсіби қызметке қажетті практикалық дағдыларды енгізу бойынша ұсыныстарын білдіріп, жұмыс беруші тарапынан сұранысқа ие құзыреттерді дамыту мәселесін көтерді.

Мұндай өзара іс-қимыл мамандар даярлау сапасын арттыруға, оқу үдерісін еңбек нарығы талаптарына сай бейімдеуге және білім беру ұйымдары мен тәжірибелік қызмет көрсететін мекемелер арасындағы тиімді серіктестікті нығайтуға ықпал етеді.

Просмотров: 9


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст