2024 жылдың 27 желтоқсанында «Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі, жалпы білім беру және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас маман педагог-психологтері мен әлеуметтік педагогтеріне арналған «Менің сүйікті мамандығым» атты вебинар өтті.
Іс-шара «Жас психолог» жас мамандар бірлестігінің жұмыс жоспары аясында ұйымдастырылды. Вебинардың ашылуында ПҚО әдістемелік жұмыс бөлімінің әдіскері А.Е. Козубаева қатысушыларды бірлестіктің мақсаттары мен алдағы жоспарларымен таныстырды.
Вебинар барысында ПҚО тәжірибелі мамандары өз кәсіби тәжірибелерімен бөлісті:
С. Д. Жасбари – «Жасөспірімдермен және балалармен жұмыс істеудегі метафоралық ассоциативті карталар»;
Маржангүл Ермұратқызы – «Эмоциялық интеллект және оның психолог мамандығындағы рөлі»;
Д.А. Дүсенбеков – «Мамандықтың алғашқы қадамдары: жас психолог ретінде мансапты қалай бастау керек және кәсіби қажудан аулақ болу» тақырыптарында мазмұнды баяндамалар жасап, тәжірибе алмасты.
Вебинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды.
Белсенді қатысушыларға және іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан мамандарға алғыс білдіреміз!