2024 жылғы 23–24 желтоқсан күндері Ақмола облысының әр ауданынан арнайы іріктелген педагог-психологтардың қатысуымен бірінші Психологиялық хакатон ұйымдастырылды. Іс-шара Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Балалар сауықтыру лагері» базасында өткізілді.
Хакатонның мақсаты – білім беру ұйымдарындағы өзекті психологиялық мәселелерді шешудің жаңа, тиімді жолдарын іздеу. Атап айтқанда:
буллинг пен кибербуллингтің алдын алу,
эмоциялық тұрақсыздық пен қақтығыстарды жеңілдету,
жасөспірімдердің психоэмоциялық ахуалын жақсарту.
Іс-шара барысында қатысушылар жас ерекшеліктері мен мектептік орта спецификасын ескере отырып, аталған мәселелерді шешуге бағытталған креативті тәсілдер мен практикалық ұсыныстар әзірледі.
Хакатон – тек тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, сондай-ақ мектеп психологиясы саласында кәсіби ынтымақтастықты нығайтудың тиімді құралы болды.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері, тың идеялары және мектеп психологиялық қолдау жүйесін дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!