«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ
КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша вебинар өтті

29.11.2024

2024 жылғы 29 қараша күні Көкшетау қаласындағы КММ «Психологиялық қолдау орталығы» бастамасымен «Білім беру ұйымдарында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алудың кешенді тәсілі және толеранттылықты қалыптастыру» тақырыбында онлайн-вебинар ұйымдастырылды.

Іс-шараға әдіскерлер, тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары, педагог-психологтер мен әлеуметтік педагогтер қатысты.

Вебинар бағдарламасымен орталықтың әдістемелік жұмыс бөлімінің жетекшісі С.К. Уаисова таныстырды.

 Зеренді ауданы, Оркен ауылының мектебінен тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Б.А. Калдарбекова "Оқушылар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша психологиялық қызметтің жұмысы" тақырыбында баяндама жасады.
 Бурабай ауданы, Златополье ауылының педагог-психологі Я.В. Орлова "Психологиялық қызметтің алдын алу жұмыстары" бойынша тәжірибесімен бөлісті.
Зеренді ауданының әлеуметтік педагогтері А.Г. Султанова және Д. Солтанбек аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алудағы тиімді әдістер мен әлеуметтік педагог жұмысының рөліне тоқталды.
 Астрахан ауданы, №2 орта мектептің педагог-психологі И.Л. Плеханова "Мектептегі алдын алу жұмысының практикалық әдістерін" ұсынды.

Вебинар қорытындысында қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстар енгізіп, тиімді тәжірибелермен бөлісті. Психологиялық қауіпсіз орта құруға бағытталған мұндай кездесулер мамандардың кәсіби дамуына ықпал етеді.

Просмотров: 9


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст