2024 жылғы 15 қарашада Көкшетау қаласында «Аманат» партиясының Ақмола облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының отырысы өтті. Іс-шараға Психологиялық қолдау орталығының мамандары қатысып, маңызды әлеуметтік тақырыптар бойынша пікір алмасты.
Кездесу барысында әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, қоғамдағы инклюзивті даму, әйелдер денсаулығы мен репродуктивті саулықты нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға психологиялық қолдау көрсету жолдары қарастырылды.
Мұндай кездесулер — әлеуметтік мәселелерді ашық талқылап, тиімді шешімдер қабылдауға бағытталған маңызды диалог алаңы. Психологиялық қолдау орталығы өз тарапынан осындай бастамаларды қолдай отырып, қоғамдағы әрбір адам үшін қолайлы және қауіпсіз орта қалыптастыруға өз үлесін қоса береді.