2024 жылғы 15 қараша күні Көкшетау қаласындағы Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің базасында педагог-психологтер қауымдастығы мүшелерінің қатысуымен «Білім беру психологиясы өзгерістер фокусында: педагог-психологтің жұмысында қолданылатын ғылыми көзқарастар мен тиімді әдіс-тәсілдер» атты кәсіби форум өтті.
Іс-шараны Психологиялық қолдау ортасы ұйымдастырды. Форумның модераторы – орталық басшысының орынбасары И.И. Ермуханова жиналғандарға сәттілік тілеп, жұмыстың маңыздылығына тоқталды.
Форум барысында келесі баяндамалар ұсынылды:
И.М. Терентьева – облыстық педагог-психологтер қауымдастығының төрайымы: «Білім беру процесіне қатысушылармен өзара әрекеттестіктің этикалық нормалары»;
О.Н. Хайруллина – Целиноград ауданы, Жаңаесіл ЖОББМ педагог-психологі, психология ғылымдарының кандидаты: «Педагог-психологтердің біліктілігін арттыру және кәсіби хабардар болу процесін жүйелеу арқылы кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру»;
Г.Е. Шарипова – Психологиялық қолдау орталығының бөлім меңгерушісі: «Педагог-психологтің білім беру ортасындағы коррекциялық жұмысының тиімді әдістері» атты практикалық тренинг өткізді.
Форумға белсенді қатысқан мамандар тәжірибе алмасып, ұсыныстарын ортаға салып, арнайы сертификаттармен марапатталды.
Осындай кәсіби кездесулер білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет сапасын арттыруға және мамандардың үздіксіз дамуына тың серпін береді.