«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ
КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сандықтау ауданында әлеуметтік педагогтерге арналған семинар-практикум өтті

18.10.2024

2024 жылғы 18 қазанда Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөліміне қарасты «Балкашино ауылының балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» КММ базасында білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен әлеуметтік педагогтеріне арналған семинар-практикум өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – білім беру ұйымдарында балалардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу бойынша әлеуметтік-психологиялық қызметтің жұмысын жетілдіру және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Семинар барысында келесі мамандар баяндама жасап, тәжірибелерімен бөлісті:

  • Сандықтау ауданының білім бөлімінің әдіскері Вдовина Татьяна Николаевна
    «Әлеуметтік педагогтың жұмыс жүйесінде кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу» тақырыбында баяндама жасады;

  • «Ақмола облысының білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ-нің психологиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Шарипова Г.Е.
    «Әлеуметтік педагогтың оқушылармен жұмысындағы практикалық тәсілдері мен ерекшеліктері» туралы тәжірибелік бағыттағы жұмысын таныстырды;

  • Орталықтың әдіскері Жумабаева Ы.С.
    «Аутоагрессивті мінез-құлықты оқушылармен жүргізілетін әдістемелік жұмыс және оның ерекшеліктері» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады;

  • Орталықтың әлеуметтік педагогі Шарипова С.У.
    оқушылар арасында кездесетін түрлі жағдаяттарға қатысты кейстік тапсырмалар арқылы педагогтердің практикалық дағдыларын жетілдіруге үлес қосты;

  • «Максимовка ауылындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің әлеуметтік педагогі Гришина К.Б.
    «Жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алудағы әлеуметтік педагог жұмысының негізгі бағыттары мен әдістері» тақырыбында шеберлік сағат өткізді;

  • «Балкашино ауылындағы №2 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің педагог-психологі Швецова Н.Н.
    «Балалық шақтағы агрессияның алдын алу» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді;

  • «Айдабол жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің әлеуметтік педагогі Журунова К.Т.
    «Әлеуметтік педагогтың аутодеструктивті мінез-құлқы бар оқушылармен жұмысы» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.

 Семинар соңында қатысушылармен кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар іс-шараның әдістемелік және практикалық маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, алдағы уақытта осындай кездесулердің жиі өтуіне қатысты ұсыныстарын білдірді.

Просмотров: 8


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст