«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ
КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмолалық педагог-психолог халықаралық фестивальдің жүлдегері атанды

09.10.2024

2024 жылғы 3-4 қазан күндері Армения Республикасының Ереван қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) мүше елдердің мұғалімдері мен білім беру қызметкерлерінің қатысуымен «Өзгермелі әлемдегі білім: ТМД елдерінің білім берудің дамуына жаһандық шындықтың әсері» атты VIII съезд өтті.

Съезд аясында педагогикалық шеберліктің III халықаралық фестивалі ұйымдастырылды.

Фестивальдің мақсаты:

  • ТМД елдеріндегі дарынды және табысты педагогтерді анықтау,

  • Олардың үздік тәжірибесін халықаралық деңгейде тарату,

  • Жаңғырып жатқан қоғамдағы білім берудің құндылықтары мен басым бағыттарын айқындау.

Фестиваль екі кезеңнен тұрды:

  • сырттай (іріктеу кезеңі);

  • жеке қатысу (қорытынды кезеңі).

Фестивальге Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Қазақстан елдерінен барлығы 56 педагог қатысты. Байқау үш аталым бойынша өткізілді:

  • «Мұғалім»,

  • «Тәрбиеші»,

  • «Психолог/әлеуметтік педагог».

Халықаралық байқау қорытындысы бойынша:

Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Державинск қаласындағы Н.К.Крупская атындағы жалпы білім беретін мектебінің психологы – Манатов Аслан Айтжанұлы
III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Бұл жетістік — тек аймақ емес, еліміздің педагог-психологтар қауымдастығы үшін де үлкен мәртебе.

📌 Ақмола облысының білім беру саласындағы білікті мамандарын халықаралық деңгейде таныту бағытындағы жүйелі жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Просмотров: 6


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст