2024 жылғы 3–8 қазан аралығында Психологиялық қолдау орталығының мамандары жаңа оқу жылы басталған кезеңде 5-сынып оқушыларына арналған бейімделу тренингтерін ұйымдастырды.
Аталған шаралар оқушылардың жаңа ортаға бейімделуіне көмек көрсету, мектептегі оқуға психологиялық тұрғыдан дайын болуын қамтамасыз ету және жағымды эмоционалды ахуал қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Тренингтер барысында оқушылар:
бейімделу кезеңінде туындайтын стресс пен қиындықтар туралы мәлімет алды;
стрессті басқару бойынша практикалық кеңестермен танысты;
қажет болған жағдайда сенім телефонына хабарласу арқылы психологиялық көмек алу мүмкіндігі туралы ақпарат алды.
Тренингтерге келесі білім беру ұйымдарының 5-сынып оқушылары қатысты:
«№4 жалпы білім беретін мектеп» КММ;
Красный Яр ауылының «№3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ;
Красный Яр ауылының «№2 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
Красный Яр ауылының «№1 жалпы білім беретін мектебі» КММ;
«№11 мектеп-гимназия» КММ;
«Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейі» КММ.
Оқушылармен жүргізілген бұл психологиялық жұмыстар олардың эмоционалдық тұрақтылығын қалыптастыруға, өзін қауіпсіз сезінуіне және жаңа оқу үдерісіне сәтті бейімделуіне ықпал етті.
Психологиялық қолдау шаралары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.