2024 жылғы 30 қыркүйекте Көкшетау қаласындағы М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясында Психологиялық қолдау орталығының ұйымдастыруымен семинар-практикум өтті.
Іс-шара «Қауіпсіз білім беру ортасын құру бойынша білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің өзекті міндеттері» тақырыбына арналды.
Семинар жұмысына қала мектептерінің директорлары мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Семинар барысында қатысушыларға:
Психологиялық қолдау орталығы қызметінің негізгі бағыттары,
Психологиялық қызметтің нормативтік-құқықтық аспектілері
таныстырылып, практикалық ұсыныстар берілді.
Бұл шара білім беру мекемелеріндегі қауіпсіз, қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жолдарын жүйелеуге және сала мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған.