№17, №21, №13 және №19 мектептерінде жаңа оқу жылына сәтті бейімделуге бағытталған психологиялық тренингтер ұйымдастырылды. Іс-шаралар Психологиялық қолдау орталығының мамандарының бастамасымен өткізілді.
Тренингтік сабақтар 5-сынып оқушыларына арналған және олардың мектептегі жаңа ортаға тез әрі жеңіл бейімделуіне қолдау көрсетуді мақсат етті. Сабақ барысында оқушыларға бейімделу кезеңінде туындайтын күйзеліс жағдайларын жеңу жолдары ұсынылды, эмоциялық тұрақтылықты сақтау, өзара қарым-қатынас орнату, қорқыныш пен белгісіздікпен жұмыс жасау дағдылары дамытылды.
Практикалық жаттығулар оқушылардың сенімділігін арттырып, мектепке деген жағымды көзқарасын қалыптастыруға септігін тигізді. Сонымен қатар, тренингке қатысушыларға психологиялық көмек қажет болған жағдайда жүгінуге болатын сенім телефоны ұсынылды.
Мұндай профилактикалық шаралар оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтауға, эмоционалдық қолдау көрсетуге және оқу үдерісіне оңтайлы бейімделуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.