«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ
КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

25.09.2024

Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізілді. Іс-шараға ювеналдық полиция қызметкерлері, білім бөлімі, медициналық ұйымдар мен мектеп өкілдері қатысты.

Кеңес барысында жасөспірімдердің психикалық денсаулығын сақтау және олардың әлеуметтік-эмоциялық жағдайына ықпал етуге бағытталған маңызды мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, Психологиялық қолдау орталығының қызметі, педагог-психологтардың жұмысының басым бағыттары, жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары және тәуекел тобындағы балаларды дер кезінде анықтаудағы әлеуметтік педагогтардың рөлі талқыланды.

Қатысушылар аутодеструктивті мінез-құлықтың себептерін анықтау мен алдын алудың тиімді жолдарын ұсынды. Кеңес қорытындысында сала мамандары арасында ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту қажеттілігі атап өтіліп, нақты ұсыныстар мен практикалық шешімдер қабылданды.

Просмотров: 4


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст