2024 жылғы 24 қыркүйекте Қорғалжын ауылының мектеп-гимназиясы базасында әдіскерлерге, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтерге арналған «Педагогтер мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас пен өзара іс-қимылдың тиімді жолдары» атты облыстық семинар-практикум өтті.
Семинардың мақсаты – мектеп пен ата-аналар арасындағы серіктестікті нығайту, балаларды тәрбиелеу мен оқытуда тиімді өзара әрекеттестіктің заманауи жолдарын қарастыру.
Іс-шараның практикалық бөлімінде қатысушылар мектеп пен отбасының өзара іс-қимылы, ата-аналардың бала тәрбиесі мен білім берудегі рөлі, педагогтердің ата-аналармен нәтижелі қарым-қатынас орнату қабілеттері, сондай-ақ цифрландыру дәуіріндегі тәрбие мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Семинар қорытындысында қатысушылар тәжірибе бөлісіп, ұсыныстар беріп, өзара пікір алмасты. Жиын педагогтер мен ата-аналар арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға бағытталды.