2024 жылғы 16 қыркүйекте Ақмола облысы білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығының психологтары Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Көкшетау жоғары медициналық колледжінде «Бірінші курс студенті» тақырыбында тренинг өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – бірінші курс студенттерінің табысты бейімделуіне және үйлесімді тұлғалық дамуына қолдау көрсету болды.
Тренинг өте қарқынды өтті, әрбір қатысушы белсенді түрде қатысты. Сабақ барысында студенттерге бейімделу үдерісі мен оның түрлері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, психологиялық және физикалық кернеуді азайтуға арналған жаттығулар жүргізіліп, стресс азайту әдістері туралы жадынама таратылды. Тренинг соңында студенттерге колледжге сәтті бейімделу бойынша ұсыныстар берілді.