Текст
2024 жылғы 16 қыркүйекте Ақмола облысы білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығының психологтары Көкшетау қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы көпсалалы колледжде бірінші курс студенттеріне бейімделу үдерістерін арттыру және топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту мақсатында тренинг өткізді.
Сабақ барысында студенттерге бейімделу процесі және оның түрлері туралы мәлімет беріліп, психологиялық және физикалық стресс деңгейін төмендетуге арналған жаттығулар ұсынылды. Сонымен қатар, студенттерге стресс азайту әдістері қамтылған арнайы жадынама таратылды.