«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ
КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысында психологиялық-педагогикалық қолдаудың басым бағыттары талқыланды

13.09.2024

2024 жылғы 12 қыркүйекте Ақмола облысының білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Білім беру үдерісіне қатысушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың басым бағыттары» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Семинарға облыс бойынша техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар қатысты.

Іс-шара барысында орталық қызметінің құрылымы, функциялары мен бағыттары, психологиялық қызметтің әдістемелік қамтамасыз етілуі туралы баяндамалар тыңдалды. Сонымен қатар, кәсіби білім беру жағдайындағы әлеуметтік педагог және педагог-психолог қызметінің тиімді әдістері, сондай-ақ педагог-психологтар ассоциациясының жұмысы туралы баяндаулар ұсынылды.

Практикалық жұмыс бөлімінде қатысушылар психологиялық қызмет саласындағы нақты жағдайларды талқылап, тәжірибе алмасып, психологиялық қызметті күшейтуге арналған ұсыныстар жасады.

Просмотров: 14


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст