«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ
КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жақсы, Есіл және Жарқайың аудандарында білім беру ұйымдарының мамандарына арналған семинар-практикум өтті

12.09.2024

Жақсы, Есіл және Жарқайың аудандарында білім беру ұйымдарының мамандарына арналған семинар-практикум өтті

Ақмола облысы білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығы Жақсы, Есіл және Жарқайың аудандарының білім беру ұйымдарының басшыларына, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтарға арналған «Қауіпсіз оқу ортасын құрудағы білім беру мекемелерінің психологиялық қызметінің өзекті міндеттері» тақырыбында семинар-практикум өткізді.

Іс-шара барысында қатысушыларға Психологиялық қолдау орталығының негізгі қызмет бағыттары, білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі, сонымен қатар психологиялық қызметтің өзектілігі мен тиімділігін арттыру жолдары туралы кең көлемде ақпарат ұсынылды.

Семинар аясында педагог-психологтар және әлеуметтік педагогтармен практикалық жұмыстар жүргізілді. Мамандарға нақты әдістемелік ұсынымдар беріліп, оқушылардың психоэмоционалдық жай-күйін қолдауға бағытталған жұмыс формалары ұсынылды.

Аталған семинар-практикум мамандардың кәсіби әлеуетін нығайтуға, мектептердегі қауіпсіз және жайлы оқу ортасын құруға бағытталған тиімді құралдардың бірі болды.

Просмотров: 9


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст