2024 жылғы 4 қыркүйекте Зеренді ауылындағы Malik Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназия базасында Ақмола облысы білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығының қызметкерлері білім беру ұйымдарының басшыларына, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтарға арналған «Қауіпсіз білім беру ортасын құрудағы білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің өзекті міндеттері» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар Психологиялық қолдау орталығының негізгі қызмет бағыттарымен, сондай-ақ психологиялық қызметті құқықтық қамтамасыз ету мәселелерімен танысты. Педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтармен практикалық жаттығулар мен кәсіби мәселелерді шешуге бағытталған жұмыс жүргізілді.
Семинар аясында ата-аналармен психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша ақпараттандыру сессиясы ұйымдастырылды. Мамандар бала үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастырудың жолдары бойынша нақты ұсыныстар мен әдістемелік кеңестер берді.
Аталған семинар-кеңес білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің тиімділігін арттыруға, қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін нығайтуға және бала қауіпсіздігі мәселелерінде ата-аналармен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды іс-шара болды.