«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ
КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балкашинода білім беру ұйымдарының мамандарына арналған семинар-кеңес өтті

05.09.2024

2024 жылғы 5 қыркүйекте Сандықтау ауданы, Балкашино кентіндегі №1 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Ақмола облысы білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығының мамандары «Психологиялық қызметтің өзекті міндеттері» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Іс-шараға білім беру ұйымдарының басшылары, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар және әлеуметтік педагогтар қатысты.

Семинар барысында орталық қызметкерлері Психологиялық қолдау орталығының негізгі қызмет бағыттары, қауіпсіз білім беру ортасын құрудағы рөлі, психологиялық қызметтің құқықтық негіздері туралы ақпарат ұсынды.

Сонымен қатар, білім беру процесіне қатысушылардың психоэмоционалдық жағдайын қолдауға бағытталған тиімді әдістер мен тәсілдер қарастырылды. Ата-аналар үшін тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылып, олардың бала тәрбиесі мен мектеп өміріне бейімделуіндегі белсенді рөлі талқыланды.

Семинар-кеңес білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет сапасын арттыруға, мамандардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге және барлық тараптардың тиімді ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған маңызды алаң болды.

Просмотров: 5


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст