2024 жылғы 22 тамызда Көкшетау қаласындағы №1, №8 және №17 жалпы орта білім беретін мектептерде Ақмола облысы білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығының психологтары бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Баланың мектепке дайындығы» тақырыбында семинар-практикум өткізді.
Семинардың мақсаты – ата-аналарға баланың мектепке психологиялық бейімделуіне қолдау көрсету, мазасыздықты төмендету және ата-ана мен бала арасындағы тиімді өзара әрекеттестікті қалыптастыру.
Іс-шара барысында ата-аналармен бірлескен жұмыс жүргізіліп, мазасыздықты азайтуға бағытталған практикалық әдістемелер қолданылды. Психолог мамандар болашақ бірінші сынып оқушыларының мектеп өміріне сәтті бейімделуіне қажетті кеңестер мен ұсынымдар берді.
Қатысушыларға баланы мектепке дайындау жолдары және ата-аналық қолдау көрсету әдістері туралы ақпараттық материалдар мен жаднамалар ұсынылды.
Аталған семинар-практикум ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлін күшейтіп, мектепке дейінгі кезең мен бастауыш білім беру арасындағы өтпелі кезеңді оңтайлы өткеруге бағытталған маңызды шара болды.