«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ
КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Зерендіде бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған тренинг өткізілді

26.08.2024

2024 жылғы 26 тамызда Зеренді ауылындағы №1 жалпы орта мектебінде Ақмола облысы білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығының психологтары «Баланы мектепке қалай дайындау керек» тақырыбында ата-аналарға арналған тренинг өткізді.

Іс-шараның мақсаты – бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделу үдерісінде ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету және мазасыздық деңгейін төмендету.

Тренинг барысында ата-аналармен бірлесіп мазасыздықты азайтуға бағытталған практикалық әдістемелер жүргізілді. Сондай-ақ, мамандар тарапынан болашақ бірінші сынып оқушыларының мектепке сәтті бейімделуіне арналған ұсыныстар берілді.

Қатысушыларға баланы мектепке дайындау және ата-ана мен бала арасындағы тиімді өзара әрекеттесу туралы маңызды ақпарат қамтылған жаднамалар ұсынылды.

Аталған іс-шара ата-аналар қауымына баланың мектеп өміріне психологиялық тұрғыдан дайын болуына көмектесіп, олардың белсенді қатысуының маңыздылығын арттыруға бағытталды.

Просмотров: 4


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст