«Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» КММ
КГУ «Центр психологической поддержки управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сандықтауда бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған тренинг өтті

23.08.2024

2024 жылғы 23 тамызда Ақмола облысы білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығының психологтары Сандықтау ауданы Балкашино ауылындағы №2 жалпы орта мектебінде бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Баланы мектепке қалай дайындау керек» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренингтің мақсаты – ата-аналарға баланың мектепке оңтайлы бейімделуіне көмектесу, мазасыздық деңгейін төмендету және ата-ана мен бала арасындағы тиімді өзара әрекеттестік тәсілдерін ұсыну болды.

Іс-шара барысында ата-аналармен бірлесіп практикалық жаттығулар өткізілді, соның ішінде мазасыздықты төмендетуге арналған әдістемелер көрсетілді. Сонымен қатар, мамандар тарапынан баланың мектеп өміріне сәтті бейімделуіне ықпал ететін пайдалы кеңестер берілді.

Ата-аналарға «Баланы мектепке қалай дайындау керек» және «Балаңызбен қалай дұрыс әрекеттесу керек» тақырыптарында ақпараттық буклеттер ұсынылды.

Бұл іс-шара – бірінші сыныпқа баратын балалардың жаңа оқу кезеңіне дайындық процесіндегі ата-аналар рөлін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.

Просмотров: 2


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст